19 жасында дүние жүзінің үздігі атанған Төрехан Сабырхан Ливерпуль рингінде тек жеңісімен емес, көрсеткен шоуымен де есте қалды. Ол бұл жеңіс тек өзіне емес, ағасы мен ата-анасының еңбегі деп есептейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Боксшының әсіресе бастапқы жекпе-жектерінің бірінде қарсыласына «Сындырамын» деп айтқаны көпшіліктің есінде қалып қойған болатын.
«Алдымен, қазақ халқына алғысым шексіз. Бізді қолдап, дұға тілеп отырған халықтың демеуі бізге күш берді. Рингте ағам жанымда болды, мен одан есепті сұрадым. Ол: «Бәрі керемет, Тәтөш, алға!» – деді. Сол сәтте сындырамын деп шештім. Бұл жеңіс тек менікі емес, ағамның, ата-анамның еңбегі. Солардың дұғасының арқасында әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткіздім деп ойлаймын», – деді чемпион.