Шымкентте 2314 заңсыз құрылыс нысаны анықталды.

Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеріс кезінде тұрғын үйлер мен құрылыс объектілерінің техникалық төлқұжаты болмай шыққан. Сонымен қатар өз бетінше жер учаскесін иемденіп, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс жүргізгендер анықталды. Әсіресе Абай ауданында заңсыз нысан көптеп салынған. Сонымен қатар Тұран, Еңбекші, Қаратау мен Әл-Фараби аудандарында да кездеседі. Осыған байланысты құзырлы органдардың тапсырмасымен 187 нысан мен 63 үй іргетасы сүрілді. Қала билігі қалған құрылыс нысандарын сот тәртібімен заңдастыруды ұсынып отыр.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- 2008 жылдан бері Шымкент қаласында бірде-бір учаске жеке адамдарға берілген емес. Берілген болса да аукцион арқылы, конкурс өткізу тәртібімен ғана беріліп келе жатыр. Жер саласында білесіздер делдалдардың өріп жүргенін. Мен жер алып беремін. Мынаны реттеп беремін, рәсімдеп беремін деген. Тек ресми органдар, ресми мәліметтерге ғана сену керек.