Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары Құрбан айт мерекесі тойланатын 6 маусым күні жұмыс істемейді. Бұл туралы « Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бірақ 7 маусымда кезекші қызметкерлер жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі күндері өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағат ерте басталып, бір сағат ерте аяқталады.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті