Қазақстанда тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілмейді.
Бұл өзгеріс Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында көзделген.
Құжатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі әзірлеген. Жаңа ережеге сәйкес, тұрғылықты жер бойынша тұрақты да, уақытша да тіркеу тек онлайн форматта жүзеге асырылады.
Министрліктердің мәліметінше, пилоттық жоба мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында енгізілуде.
Бұған дейін, 11 тамыздан бастап, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу тәртібі де өзгеріп, бұл қызмет толық онлайн форматқа ауыстырылған еді.