Қарыз алушыны «тәуекелі жоғары» деген санатқа қосатын крийтерийлер кеңейтілді. Оған несие тарихы қысқа, бұрынғы қарыздарын уақытылы төлемеген, бірнеше ұйымда жабылмаған берешегі бар азаматтар кіреді.
Сондай-ақ кірісі расталмаған немесе төлемдер бойынша жүктемесі көп болса да несие берілмеуі мүмкін. Бұл санаттағы клиенттер болса, банк оның қаржылық жағдайын үнемі тексеріп отырады.
Ал қиындық туындаған жағдайда сот немесе коллекторлар арқылы қарызды бірден өндіріп алудың орнына, қайта құрылымдауды ұсынуға міндетті болады. Сотқа дейінгі реттеу кезінде несие берушілер оңтайлы шешім табу үшін қарыз алушының өмірлік жағдайын да ескеру керек.