Әлем елдерінің де қарызы көбейді. Биыл алғашқы 3 айда жаһандық несиенің көлемі 324 трлн долларға жеткен.
Халықаралық қаржы институтының дерегі бойынша, бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 7 жарым трлн долларға көп. Бұл рекорд. Төрткүл дүниедегі қарыздың өсуіне Қытай, Франция және Германия ықпал еткен. Шығыстағы көршіміздің борышы 2 трлн долларға артқан. Бейжіңнің жалпы ішкі өнімге шаққандағы сыртқы берешегі 93 пайызға тең. Жыл соңына дейін 100 пайызға жетуі мүмкін. «Ал Канада, БАӘ және Түркияда, керісінше, борыш деңгейі төмендеген», — дейді сарапшылар.
Әлем елдерінің қарызы көбейді
2025 жыл — $324 трлн
2024 жыл — $316,5 трлн
Жаһандық қарыздың өсіміне ықпал еткен елдер
Қытай — $2 трлн
Франция — €40,5 млрд
Германия — €14, 3 млрд