Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы ғимарат салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.

"Барлық нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жоба шешімдерінен ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарды сақтамау деректері анықталды", — деді Алматы әкімдігі өкілдері.

Тексеріс қорытындысы бойынша "СК 7 Строй" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, ол құрылыс жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін де Алматыда бір мердігер лицензиясынан айырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget