Оралда өткен Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы аясында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина орталығы ашылды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір облыстағы 38 емдеу мекемесі телемедицина жүйесіне қосылған, жыл басынан бері 383 пациент қашықтан медициналық кеңес алған. Жаңа орталық заманауи техникамен жабдықталып, жергілікті дәрігерлерге шетелдік мамандармен онлайн байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жоба облыс әкімінің былтыр Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапары нәтижесінде жүзеге асты. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бұл ынтымақтастық өңір медицинасын дамытуға серпін беретінін атап өтті.