Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Федерация ұжымымен және параспортшылармен кездесті.

Жиында биыл атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды. Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларға ілтипат білдіріп, өткен жыл спорттық іс-шараларға толы болғанын және қазақстандық атлеттер жарқын жеңістерге қол жеткізгенін атап өтті. Бұл жетістік спортшылар мен жаттықтырушылардың үйлесімді жұмысының және отбасы мен жанкүйерлер қолдауының нәтижесі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы елде мүгедектігі бар азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға үнемі мән беретінін айтты. Бұл бағытта кешенді реформалар іске асып, мүдделі тараптармен жүйелі жұмыс жүріп жатыр.