Жетісу облысында 40 адамды сан соқтырған алаяқтық топтың өкілі ұсталды.
19 жастағы күдікті жәбірленушілердің есепшотындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Ал оның өзге сыбайластары банк маманы, байланыс операторы және құқық қорғау қызметкері ретінде тұрғындарға қоңырау шалып, арнайы қосымшаны жүктеткізу арқылы онлайн несие рәсімдеген. Қазір оларға қатысты жеке қылмыстық іс қозғалды. ПД мәліметінше, жыл басынан бері аймақта 338 интернет-алаяқтық тіркелген. Соның 142 сотқа жолданып, келтірілген шығын млрд теңгеден асып отыр.
Серік Мембайұлы, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:
- Бүгінгі күнге жалпы шығын 67 млн теңгеден астам зиян келтірілген. Қазіргі таңда қылмстық іс сотқа жолданды.